Костюм, галстук, көйлек: вице-премьер үстіндегі киімі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты

Әлеумет
16.02.2023, 14:11

Сауда министрі жеке басына қатысты сұрақтарға жауап бермейтінін кесіп айтты

Костюм, галстук, көйлек: вице-премьер үстіндегі киімі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты
Фото: informburo.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистің «үстіңізге киген киімдеріңізді қайсы отандық, сіз отандық өнімдерді тұтынасыз ба?» деген сұрағына жауап беруден бас тартты.

«Сауда министрі отандық өнімдерді насихаттауы керек. Ал сіздің үстіңіздегі киімдер отандық па? Мәселен, костюм, галстук, көйлек, аяқ киім....», - деп сұрады журналист.

Журналистің сұрағына вице-премьер «Бірдеңе дұрыс емес пе?» деп жауап қайтарды.

Сосын журналист сұрағын нақтылап, шенеуніктің қаншалықты патриот екенін, отандық өнімдерді қаншалықты тұтынатынын қайталап сұрады.

«Мен жеке басыма қатысты сұрақтарға жауап бермеймін. Мен мұнда жұмыс істеуге келдім. Менің қызметіме қатысты атқаратын міндеттерім бар. Өтініш, жұмысыма қатысты кез келген сұрақ қоя беріңіз», - деді вице-премьер.

Сұхбат

PhotoRoom