Бір тәулікте 114 адамнан коронавирус анықталды

Экономика
17.02.2023, 09:40

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Бір тәулікте 114 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бір тәулікте 114 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

17 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 659 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 116 пациент стационарда, 1 543 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, бір науқас өте ауыр жағдайда жатыр.

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бұған дейін кейінгі тәулікте елімізде 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сұхбат

PhotoRoom