Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды

Аймақ
17.02.2023, 09:45

Шектеу Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында енгізілді

Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды
Фото: ашық дереккөз

Республикалық тасжолдың бес бөлігінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлады «Қазавтожол».

Шектеу Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында енгізілді.

«Жабық учаскелердің алдында жүк және қоғамдық көліктердің жиналуы байқалмайды. Қар, боран, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты бес учаскеде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді», - делінген ҚазАвтоЖол таратқан ақпаратта.

Қай жолдар жабық:

«Самара-Шымкент» – 526-710 км, Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Құршасай ауылы;

«Самара-Шымкент» – 776-965 км, «Экоойл» ЖҚС – Қарабұтақ ауылы;

«Солтүстік айналма – Ақтөбе», 0-39 км;

«Самара-Шымкент» – 266-526 км, Подстепное елді мекені – Ақтөбе облысының шекарасы;

«Атырау-Орал» – 189-492 км, Атырау облысының шекарасы – Орал қаласы.

Республикалық жолдарға 300 арнайы техника жұмылдырылды.

Сұхбат

PhotoRoom