«Болашақ» бағдарламасы аясында 25 адам шетелде тағылымдамадан өтеді

Әлеумет
17.02.2023, 17:19

2023 жылы бағдарлама бойынша 555 стипендия бөлінді

«Болашақ» бағдарламасы аясында 25 адам шетелде тағылымдамадан өтеді
© Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom