Түркиядан қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі оралды

Әлеумет
19.02.2023, 12:31

Түркияның үш өңірінде қазақстандық құтқарушылар 7 адамды құтқарды

Түркиядан қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі оралды
Фото: ҚР Төтенше жағдай министрлігі

Түркияның Газиантеп қаласында жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы елге оралды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мінген борт Алматы әуежайына қонды. Оларды туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.

Түркияның үш өңірінде қазақстандық құтқарушылар 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан құтқарушылар қатысты.

 

Сұхбат

PhotoRoom