Козачковты 2022 жылдың 18 желтоқсанында қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті.
18 ақпанда сот қаулысымен К.-ны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 айға үйқамаққа ауыстыру туралы сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және санкцияланды, - делінген сот хабарламасында.
Осылайша журналист 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін үйқамақта болады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 18 желтоқсанында Михаил Козачковты қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы мен Алматы облысының аумағында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлікпен басып алды деген айып тағылған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде ұстады.