Ақмола облысында автокөлік пойызбен соқтығысты: 3 адам қаза тапты

Аймақ
20.02.2023, 11:01

Жолаушылардың екеуі – Астана қаласының тұрғындары 

Ақмола облысында автокөлік пойызбен соқтығысты: 3 адам қаза тапты
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

20 ақпан сағат 06:45-те Ақмола облысына Бурабай – Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Оқиға салдарынан құрбан болғандар бар.

«Оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы қаза болды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала Минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржолдан өткені анықталды», - делінген хабарламада.

Қазір болған жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өткелдегі белгі беру құрылғысы әдеттегідей дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болған.

ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сұхбат

PhotoRoom