Алматыда оператордың екі бірдей көлігі өртенді

Аймақ
20.02.2023, 15:33

Ақпарат министрлігі жағдайды бақылауына алды

Алматыда оператордың екі бірдей көлігі өртенді
скрин: видео

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Алматыда оператордың екі бірдей көлігінің өртенуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Еске сала кетейік, 19 ақпанда белгілі журналист Вадим Борейко өзімен бірге жұмыс істейтін оператордың екі көлігін белгісіз біреулер өртеп жібергенін хабарлаған еді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Алматы қаласының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

«Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. Министрлік журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді» деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Сұхбат

PhotoRoom