Шымкентте мал шаруашылығын арттыру мақсатында 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Рейтинг
09.07.2020, 06:33
Шымкентте мал шаруашылығын арттыру мақсатында  7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2 мың тоннадан аса құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. «Нормухамедов»  шаруа қожалығына - 2007 жылдан бері бал арасын дамытып отырған шаруашылық. Жылына 100 тоннадан астам бал өндіреді. Бүгінде 5000-нан астам бал ара ұясы бар. Ал, «Зертас» ШҚ  сүт фермасы 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен. «Тассай құс» ЖШС жылына 40 млн дана тағамдық жұмыртқа өндіруде. Қосымша айта өтсек, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкентте 5983,4 тонна ет, 19260 тонна сүт, 62,5 млн дана жұмыртқа өндірілген. ІҚМ – 82,6 мың бас, қой мен ешкі – 112,2 мың бас, жылқы – 14,6 мың бас, түйе – 29 бас, құс – 953,9 мың басты құрап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom