Былтыр 68 елдімекеннің атауы өзгертілді

Әлеумет
21.02.2023, 14:14

Облыс атаулары тек мемлекеттік тілде бекітілді

Былтыр 68 елдімекеннің атауы өзгертілді
Фото: ашық дереккөз

2022 жылы 68 елдімекен мен 572 құрамдас бөліктің атауы өзгертілді. Оның ішінде Ақмола облысы бойынша Южная көшесі Сәбит Мұқанов,  Буденный көшесі Бауыржан Момышұлы, Ленин көшесі Абылай хан есімдерімен қайта аталды.

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің ақпараты бойынша өткен жылы республикалық ономастика комиссиясы 606 ұсынысты қараған.

 Мемлекет басшысының жолдауында көтерілген еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында жаңадан құрылған 3 облысқа Абай, Жетісу, Ұлытау атаулары берілді. Ал Қапшағай қаласы – Қонаев қаласы болып қайта аталды.

Айта кету керек, облыс атаулары тек мемлекеттік тілде бекітілді.

Мысалы, Абай облысы – область Абай, Ұлытау облысы – область Ұлытау, Жетісу облысы – область Жетісу. 

Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қостанай халықаралық әуежайына ұлт ұстазының есімі берілді.

Сұхбат

PhotoRoom