Үш өңірде тасжолдар жабылды

Әлеумет
21.02.2023, 16:35

ҚазАвтоЖолдың хабарлауынша, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған

Үш өңірде тасжолдар жабылды
Фото: ашық дереккөз

Үш өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Ақтөбе облысында «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тасжолының Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.

Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сұхбат

PhotoRoom