Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 90 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
22 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 612 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 115 пациент стационарда, 1 497 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.