Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

Әлеумет
22.02.2023, 10:36

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды

Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді
Фото: ашық дереккөз

2023 жылы көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында мәлімдеді.

Дизель отыны құны тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілген.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің операторлары шарт, өтінім, төлемге қол қоюды аяқтағаннан кейін және Мұнай өңдеу зауытына вагон-цистерналар қойғаннан кейін зауыт дизель отынын тиеп-жөнелтуді бастауға дайын, - деді Болат Ақшолақов.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды:

  • ақпан-мамыр айларында дизель отыны біркелкі іріктеумен 2023 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарының графигі бекітілді;
  • Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынды;
  • Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының жеке виртуалды қоймасын құруы.

Мұнай өңдеу зауытынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды.

Сұхбат

PhotoRoom