Ауа райына байланысты 5 өңірде жолдар жабылды

Әлеумет
23.02.2023, 09:23

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы — 1 025 шақырым

Ауа райына байланысты 5 өңірде жолдар жабылды
Фото: ҚазАвтоЖол

5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы — 1 025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1%-ы.

Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолы, Бурылбайтал – Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында «Самара – Шымкент» тасжолының Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық тұр.

Сұхбат

PhotoRoom