Алматыдан 645 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Әлеумет
23.02.2023, 09:40

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында орналасқан

Алматыдан 645 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Фото: Тимур Батыршин

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 645 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Жер сілкінісі 23 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 08:18 кезінде тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 645 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.4. MPV магнитудасы 5.7. Тереңдігі 35 шақырым.

Сұхбат

PhotoRoom