Орталық Азиядағы бірден-бір кәсіпорын - трансформатор зауыты

Рейтинг
09.07.2020, 07:11
Орталық Азиядағы бірден-бір кәсіпорын - трансформатор зауыты

Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте былтыр «Asia Trafo» зауыты ашылған болатын.  салтанатты түрде іске қосылды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл трансформатор зауыты Шымкент қаласының «Тассай» өндіріс аумағында 12 гектар жерге орналасқан. Зауыт - кернеуі 110кВ-дан 500кВ-ға дейінгі трансформатор шығаратын Орталық Азиядағы бірден-бір өндіріс орны.

Зауытқа отандық құрылыс материалдары пайдаланылды.  Кәсіпорын Қазақстандағы электротехникалық қондырғы шығаратын «Alageum Electric» құрамына жатады. Бұл жоғары технологиялық зауыттың құрылысы 2017 жылы басталды. Алғашқы күндердің өзінде-ақ энергетиктер бұл жобаны Қазақстан аумағындағы ең инновациялы зауыт деп атай бастаған болатын. Кәсіпорынның өнімі өзінің бірегей патенттелген технологиясы бойынша өндіріледі.

Айта кету керек, «Alageum Electric» – Қазақстандағы іргелі электротехникалық компаниясы. Құрамында электроэнергетика, электромашина құрылысы және құрылыс саласын жүргізетін 30-дан астам кәсіпорыны мен зауыттары бар. Олардың қатарында Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор» зауыты және «Электромонтаж» АҚ, «Электр бұйымдарын құрастыру зауыты» бар. Бұл кәсіпорындар 10 арнаулы құрастыру басқармасын біріктіріп, небір күрделі электро қондырғыларын құрастырады.

Сұхбат

PhotoRoom