AMANAT: Мәслихат депутаттығына үміткер бір топ белсенді Щучьедегі колледж оқытушыларымен кездесті

Аймақ
23.02.2023, 15:25

Колледж ұстаздары үміткерлерге өз мәселелерін айтты

AMANAT: Мәслихат депутаттығына үміткер бір топ белсенді Щучьедегі колледж оқытушыларымен кездесті

Бүгін Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер Қали Рахметов, Ыбырай Дуанбай, Наталья Нагачевская және Павел Безвербный Щучье қаласындағы педагогикалық колледжінің оқытушыларымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Жиын барысында партияның 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сәйкес білім беру саласындағы реформалары сөз болды.

Партияның Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында сапалы білім алу үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Партиялықтардың бірінші кезектегі міндеті – балабақшалар мен шағын орталықтардың санын көбейту, мектепке дейінгі білім берудің қолданыстағы нысандарының қуатын кеңейту, 39 жаңа мектеп салынып, 9 кеңейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы облыстағы барлық балалардың білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, партия барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуды және аз қамтылған отбасыларға тұрақты түрде материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Үміткерлермен әңгімелескен ұстаздар диалог форматында өз тілектерін, мәселелерін айтып, үміткерлер болса бағдарламаға енген барлық маңызды бағыттарды баяндады. 

«Партия білім беру ұйымдарының қауіпсіздік техникасымен жабдықталуын қамтамасыз етіп, педагогтардың жұмысына қолайлы жағдай жасап, олардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді ең алдыңғы қатарға шығарып отыр!», - деп сендірді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ыбырай Дуанбай.

Жалпы, сайлауалды бағдарламаға сәйкес облыс бойынша 2027 жылға қарай оқушылар орнының тапшылығын жоюға, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 97,4%-ға дейін арттыру көзделген.

«Білім берудің, денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен сапасы, рухани даму мүмкіндіктері, спортпен шұғылдану және бос уақытты белсенді өткізу қазіргі әлемдегі адам өмірінің сапасын анықтайды. Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері облысымыздағы дамудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан оларды шешуге баса назар аударылатын болады», - деп атап өтіп,  партия өкілдері 19 наурыз күні «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған AMANAT партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom