Мемлекеттік хатшыны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Энтони Блинкен Қазақстанға 2023 жылдың 28 ақпанында келеді.
Астанада мемлекеттік хатшыны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді, - делінген ақпаратта.
Сол күні Астанада Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесу өтеді.
Жиында өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелері талқыланады.