Алматыда жаңа саябақ салынады

Аймақ
24.02.2023, 10:09

Саябақ құрылысы наурызда басталып, жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған

Алматыда жаңа саябақ салынады
Фото: ашық дереккөз

Алматыда жаңа саябақ салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде мәлімдеді.

Наурызда Кемел шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысы басталады. Ол жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ үшінші тоқсанда Көкмайса шағын ауданында Есентай өзенін абаттандыру жұмыстары аяқталады.

Сондай-ақ Алматы қаласының Жетісу ауданында 25 шақырым жол жөнделеді.

Жол қауіпсіздігі үшін және тұрғындардың өтінішімен бір ай бұрын асфальтбетон қоспасын қолданып, жолдарды шұңқырлы жөндеу басталды. Бұл үшін профилактикада тұрған асфальтбетон зауыты іске қосылды.

Былтыр ауданда ұзындығы 26 шақырымнан асатын 22 көшеде орташа жөндеу және 183 көше учаскесінде ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Биыл ауа райы қолайлы болған кезде, осы жұмыстарды жалғастырамыз. 25 км жолға (28 көше) орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom