Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Экономика
24.02.2023, 13:49

Базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешімге Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау, сондай-ақ инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негіз болды. Геосаяси жағдай мен оның салдарының белгісіздігіне, сондай-ақ азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуына байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отыр.

Бас банктің мәліметінше, инфляцияның ішкі тәуекелдері ішкі сұраныстың орнықты болуына, логистикалық және өндірістік тізбектердің қайта құрылуына, ынталандырушы фискалдық саясатқа және әлі де жоғары қалыптасып отырған инфляциялық күтулерге байланысты.

Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді болашақта инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде ұстап тұру қажеттілігін негіздейді.

2023 жылдың қаңтарында жылдық инфляция өсу қарқынын жалғастырып, 20,7% болды. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі басты қозғаушы күш болып қалып отыр.

Айлық инфляция төрт ай қатарынан 1,1%-ға дейін баяулады (2022 жылғы қыркүйектегі 1,8%-дан), бірақ әлі де орташа тарихи мәннен асып отыр. Айлық инфляция сияқты базалық инфляцияның көрсеткіштері де баяулап келеді, бірақ, жоғары деңгейде қалыптасты.

Сұхбат

PhotoRoom