Маңғыстауда ақбөкен атқан браконьерлер мемлекетке млрд теңге залал келтірген

Аймақ
25.02.2023, 13:47

Бұрын сотталған екі адам ұсталды

Маңғыстауда ақбөкен атқан браконьерлер мемлекетке млрд теңге залал келтірген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталғанын мәлімдеді.

2023 жылғы қаңтар айында ҰҚК прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірді.

Құнды тауарды саудалау кезінде Маңғыстауда бұрын сотталған екі адам ұсталды.

ҰҚК мәліметінше, олар мемлекетке 1 млрд теңгеден аса залал келтірген және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгенін дәлелдейтін айғақтар жинақталған.

Сотқа дейінгі тергеу аясында Қылмыстық кодекстің 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы келген өзге де күдіктілерді анықтау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom