Алматы халқы газға қашан толық қосылады

Аймақ
25.02.2023, 15:31

Алматыда газдандыру деңгейі 99,2 пайызды құрайды

Алматы халқы газға қашан толық қосылады
фото: ашық дереккөз

Алматыда газдандыру жұмыстары 2024 жылы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде айтты.

«Үкімет газдандыруға байланысты мәселені талқылады. Премьер-министр 1 наурызға дейін түпкілікті схема бойынша шешім қабылдауды тапсырды. Газдандыру өткеннен кейін біз мәслихаттың қарауына отынның басқа түрлерін пайдалануға тыйым салу туралы құжатты ұсынамыз. Қалада магистральдық газ құбырлары бар, бірақ адамдар әлі қосылмаған. 2023-2024 жылдар аралығында біз қалада газдандыруды толық аяқтаймыз», - деді Досаев.

Айтуынша, қалада көмір жағып отырғандар әлі де бар.

«Қазір Алматыда газдандыру деңгейі 99,2 пайызды құрайды және 16 мың тонна көмір пайдаланылады», - деді қала әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom