«АМАNАТ» партиясының Абай облыстық филиалында сайлауалды штаб ашылды

Аймақ
19.02.2023, 15:09

Облыстық филиалының сайлауалды штабының құрамына қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет, денсаулық сақтау өкілдері кірді

«АМАNАТ» партиясының Абай облыстық филиалында сайлауалды штаб ашылды

19 ақпанда «АМАNАТ» партиясының Абай облыстық филиалында сайлауалды штабтың ашылуы өтті. Партияның сайлауалды штабының ашылуына «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы Қуаныш Сүлейменов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин, облыстық партия филиалының сайлауалды штабы, «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Темірлан Бақтияров, жастар ұйымдарының көшбасшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

«АМАNАТ» партиясы Абай облыстық филиалының сайлауалды штабының құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет, денсаулық сақтау өкілдері, «АМАNАТ» партиясы қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестің мүшелері, сайлауды өткізуде мол тәжірибесі бар БАҚ өкілдері кірді.

Бас қосуда алғашқы сөзді «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы Қуаныш Сүлейменов алды.

«Құрметті, партияластар! Бүгін біз үшін өте ерекше күн! Біздің жаңадан құрылған облысымызда «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанынан сайлауалды штаб өз жұмысын бастады. Бүгінгі күні облыстық филиалдан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізім бойынша 1 кандидат, бірмандаттық сайлау округі бойынша 1 кандидат, облыстық мәслихатқа партиялық тізіммен 29, облыстық бірмандаттық сайлау округі бойынша 15 кандидат, қала, аудандардағы бірмандаттық сайлау округтері бойынша 125 кандидат ұсынылып, тіркеуден өтті. Штаб ұсынылған кандидаттардың саяси додада жеңіске жетуіне мүмкіндік жасауды міндет етеді. Сайлауға дейінгі алдағы бір айда бәріміз бір адамдай «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын елге жеткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге зор құлшыныспен кірісейік!», – деді Қуаныш Серқазыұлы.

Облыстық сайлауалды штабтың төрағасының орынбасары Шағангүл Жанаева штаб жұмысы туралы атап өтті.

Құрметті, жерлестер, партияластар! 18 ақпаннан бастап сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Осыған байланысты облыстық партия филиалы жанынан 1 облыстық және 9 аудан, қалалық штабтар жасақталды. Облыстық сайлауалды штаб құрамы 80 адамнан тұрады. Аудандық, қалалық штабтарда 268 адам бар. Сайлауалды штаб жұмысына іске сәт тілейміз! Ең бастысы, ел алдында «AMANAT» партиясының қазақстандықтар үшін жасап отырған белсенді де, мығым бастамаларына лайықты жұмысымызды жүргізе берейік!, - деді іс-шарада Шағангүл Алдамжарқызы.

«АМАNАТ» партиясының Абай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Болат Омаров қоғамдық қабылдау жұмысына тоқталды.

«Бүгінгі күні заңды түрде тіркелген саяси партиялардың барлығы саяси науқанға қосылып, өз жұмыстарын бастап жатыр. Бүгін ашылып отырған «АМАNАТ» партиясы Абай облыстық филиалының сайлауалды штабының шеңберінде қоғамдық қабылдау да өз жұмысын бастап жатыр. Біздің ең басты мақсатымыз – халықпен тығыз қарым-қатынас құру арқылы, тұрғындардың мұқтаждарын анықтап, оның шешілуіне ықпал ету», - дейді облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Болат Уәлиұлы.

Облыстық сайлауалды штабта ұйымдастыру, саяси, қоғамдық қабылдау, заңгерлік бөлімдері мен баспасөз қызметі жұмыс істейді. Одан бөлек, «Жастар  рухы» жастар қанатының мүшелерінен құралған белсенділер тобы жасақталды. 

Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom