Ақтөбе облысында көліктен әйелдің мәйіті табылды

Аймақ
26.02.2023, 11:31

Күдікті қамауға алынды

Ақтөбе облысында көліктен әйелдің мәйіті табылды
Фото: Владислав Воднев

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол жұмыстан үйге оралмаған, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми каналы.

«Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды», - деп жазылған хабарламада.

Осы дерек бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 99-бабы («кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сұхбат

PhotoRoom