Түнгі клубтағы атыс: Петропавлда бір адам көз жұмды

Аймақ
26.02.2023, 15:46

Күдікті ұсталып, қамауға алынды

Түнгі клубтағы атыс: Петропавлда бір адам көз жұмды

Петопавлда ер адам атыс жарақатынан көз жұмды. 26 ақпан күні Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті

«28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сұхбат

PhotoRoom