AMANAT: Медициналық қызмет сапасы артады

Аймақ
27.02.2023, 14:32

2023-2027 жылдары Шымкентте 4 емхананың құрылысын жүргізу жоспарда бар

AMANAT: Медициналық қызмет сапасы артады

Қала тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін шалғайдағы елдімекендердегі 200 мыңға жуық тұрғынға арналған 4 емхана салу жоспалануда. Бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі жоспардың бірі. Осы мақсатта қаланың медициналық ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту үшін 5 жылда 17,5 млрд теңге бөлінуіне көшбасшы партия септігін тигізбек. Осы және өзге де мәлелер №14 оңалту орталығында өткен кездесуде кеңінен сөз болды.

ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына кандидат Жадыра Таңатарова мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Абдуали Тасмурзаев, Мадина Кенжебаева және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиаланың атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова орталық қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«2023-2027 жылдары 4 емхананың құрылысын жүргізу жоспарда бар. Ынтымақ-2, Құрсай шағынауданы және Қайнарбұлақ тұрғын алабының азаматтары үшін замануи үлгідегі емдеу орталығының құрылысын бастап, ел игілігіне пайдалануға береміз. Ал, 2025 жылы 200 орынды жаңа перзентхана шымкенттіктер үшін есігін ашады», - деді өз сөзінде Жадыра Нағашыбайқызы.

Жиын соңында кандидаттар оңалту орталығының ұжымын наурыз айында өтетін сайлауға белсенді қатысып, «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom