Таиландта қайтыс болған Дархан Жүнісбековтің мәйіті 28 ақпанда елге жеткізіледі

Әлеумет
27.02.2023, 17:08

Музыканттың қайтыс болғаны 24 ақпанда хабарланды

Таиландта қайтыс болған Дархан Жүнісбековтің мәйіті 28 ақпанда елге жеткізіледі
Фото: Instagram/d.juzz

Таиландта көлік апатынан қайтыс болған қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің (Дархан Жүнісбеков) мәйіті 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты .

Таиландта қайтыс болған отандасымыз Дархан Жүнісбековтің мәйіті ертең Пхукет – Алматы әуе рейсі арқылы Қазақстанға жеткізіледі, - деді Айбек Смадияров.

Әнші-музыкант Дархан Жүнісбековтің мәйіті Алматыға Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақпен жеткізіледі. Барлық шығынды әуе компаниясы көтереді. 

Айта кетейік, 24 ақпанда танымал қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің Таиландта көлік апатынан қайтыс болғаны хабарланды.

Сұхбат

PhotoRoom