Мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру аясында Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы шешім қабылданды
Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде Ресейдегі сауда өкілділігін жабу туралы үкімет қаулысы жарияланды.
«Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі мемлекеттік мекемесі таратылсын», - делінген құжатта.
Бұған дейін сауда және интеграция министрлігі Ресейдегі өкілдікті жабу себебін түсіндірді.
«Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін ескере отырып, мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру аясында Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы шешім қабылданды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі кезде қазақстандық бизнестің ресейлік бағытта жұмыс істеуі және барлық операциялық мәселені шешуі үшін институционалдық жағдай жасалған. Сондықтан сауда өкілдігінің қажеті болмай қалды.