Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі

Әлеумет
17.07.2020, 17:06

Қазақстанда жыл басынан бері пневмониядан 3 327 адам көз жұмған

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осылайша COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі.

Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.

«Жинақталған клиникалық тәжірибелерді зерттей отырып, біз осы аурулардың (КВИ мен пневмония) ұқсастығы барын атап өтеміз. Сол себепті оларды емдеудің бірыңғай тактикасын қолдану керек деп есептейміз. 11 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жағдайларын жаңа форматта классификациялау және тіркеу бойынша ресми хабарламасы келгенін атап өткім келеді», - деді министр.

КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктірілетінін айтқан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл басынан бері елде 234 187 адам пневмониямен ауырғанын жария етті.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3 есе көп (70 926 адам)», - деді Алексей Цой.

Министр бұл мәлімет пневмонияның барлық түрін сипаттайтынын жеткізді.

«Олар - стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа да көптеген қоздырғыштар тудыратын бактериалды пневмония (45 824 жағдай тіркелген, яғни 19,6%). Бұл - аденовирус, риновирус пневмониясы, сондай-ақ параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туған пневмония. Ал бұл – қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмония. Яғни, пневмонияның қоздырғышы анықталмаған, ковидке ұқсас пневмония жұқтырғаны жоққа шығарылмаған», - деді ол.

Сондай-ақ 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам көз жұмғанын (2019 жылы - 1 896 жағдай) хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom