Жақында Тоқаевтан ескерту алған министр қызметінен босатылды

Саясат
20.07.2020, 17:18

Оның орнына Цифрлық даму министрі болып Бағдат Мусин тағайындалуы мүмкін

Жақында Тоқаевтан ескерту алған министр қызметінен босатылды

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Цифрлық даму министрі болып Бағдат Мусин тағайындалмақ.

Еске сала кетейік, 29 маусымда Мемлекет басшысы 4 әкім мен вице-премьерге сөгіс жариялап, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиевке ескерту жасады.

Сұхбат

PhotoRoom