Сәуір айында Астана LRT құрылысына 50 млрд теңге бөлінеді

Аймақ
28.02.2023, 13:19

Қаражат Астана әкімдігіне аударылады

Сәуір айында Астана LRT құрылысына 50 млрд теңге бөлінеді
фото: Халық үні

Биыл Astana LRT жобасына бөлінетін қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

«Astana LRT құрылысына қажетті қаражат қарастырылған. Қателеспесем, биыл біз жоба операторы ретінде 50 млрд теңге бөлеміз. Бұл мәселені әкімдікпен бірге талқыладық. Бірінші кезекте құрылыс әуежай жағынан басталады. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық. Қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алу операциясына аванс төлеуге жұмсалады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, сәуір айының басында тиісті қаражат әкімдікке аударылады деген жоспар бар.

«Қаражат бөлу мәселесі бүгін ғана республикалық бюджет комиссиясында қаралды. Одан кейін Парламентте қаралып, содан кейін қол қойылады. Менің пайымымша, қазір ақпан айы десек, сәуір айының басында қаржыны әкімдікке беретін шығармыз», - деді ведомство басшысы.

Тегтер:
Астана қаржы LRT

Сұхбат

PhotoRoom