Алғы шептегі қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді

Әлеумет
21.07.2020, 12:25

Алексей Цой елде коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын айтты

Алғы шептегі қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді

Пандемия кезеңінде алғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Тамыз айын қосқанда алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының резерві қалыптасты. Үкімет резервінен бұл мақсатта 7,2 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстар аясында 41 млн маска, 27 млн қолғап пен 379 мың қорғаныс костюмі және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынады», - деді министр.

Одан бөлек, министр Қазақстанда соңғы үш апта ішінде коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын айтты. Соңғы 2 аптада COVID-19 жұқтыратындар саны 4%-дан 2,1 %-ға азайып, жазылып шыққандар 60%-ға жеткен. Жедел жәрдем шақырушылар 23%-ға, провизорлық жатын орындардағы науқастар 20%-ға, реанимацияда жатқандар 6%-ға төмендеген.

Тегтер:
Алексей Цой

Сұхбат

PhotoRoom