«Рухтастар» белсенділерімен кездесу: AMANAT тұжырымдамасында жастарға көп көңіл бөлініп отыр

Аймақ
28.02.2023, 13:26

Шымкентте Жастар орталығының жанынан арнайы 5 кеңес беру орталығы іске қосылмақ

«Рухтастар» белсенділерімен кездесу: AMANAT тұжырымдамасында жастарға көп көңіл бөлініп отыр

AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында жастармен кездесу өтті. Партия филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Жадыра Таңатарова, Дария Қожамжарова, Арман Оспанов және Ердәулет Жүнісбек «Рухтастар Trends» белсенділерімен әңгімелесті.

Еркін форматта өткен жиында AMANAT-тың сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Жанар Әлібекқызының айтуынша, мемлекеттің өміріндегі секілді, партия тұжырымдамасында да жастарға көп көңіл бөлініп отыр.

«Алдағы уақытта 9 сынып бітірушілерді қазіргі таңда аса қажет мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқумен қамтуға ықпал жасаймыз, биылдан бастап жүзеге асырылатын «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында 35 жасқа толмаған жастардың басым көпшілігінің баспаналы болуы мүмкіндігі болады», – деді қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша, бір қуантарлығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірдегі жастар көбейіп келеді. Партия өкілдері алдағы уақытта да ойы азат, патриот және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында «Сауатты ұрпақ» жобасы жүзеге асырылатынан мәлімдеді.

Оған қоса биыл отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Жастар орталығының жанынан арнайы 5 кеңес беру орталығы іске қосылмақ.

Кездесу барысында аға-әпкелері осы және басқа да бағыттарды жастармен бірге талқылап, олардың болашағына сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom