Атырау облысында ірі жол апаты болды

Аймақ
28.02.2023, 17:13

4 адам қаза тапты, 3 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Атырау облысында ірі жол апаты болды
Фото: polisia.kz

Атырау облысының Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 28 ақпан сағат 07:55 шамасында болған. Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының 492 шақырымында Мақат – Қызылқоға бағытында келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие болаалмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Ол жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сұхбат

PhotoRoom