Brent маркалы мұнай бағасы 44 доллардан асты

Экономика
22.07.2020, 11:10

Мұнай соңғы рет дағдарыстың ауыр кезеңі басталғанға дейін, 9 наурызда осындай бағада сатылған еді

Brent маркалы мұнай бағасы 44 доллардан асты
фото: tass.ru

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерс бағасы 3,32% өсіп, яғни бір баррелі 44,62 АҚШ доллары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Мұны биржадағы сауда-саттық мәліметтерінен көреміз. WTI маркалы америкалық мұнай фьючерсінің қыркүйек айындағы жеткізілімдері 3,18%-ға көтеріліп, баррелі 42,22 АҚШ долларын құрады. Мұнай бағалары шикізатқа сұраныстың одан әрі қалпына келуіне байланысты өсуде.

Вакцинаны сәтті сынақтан өткізу нәтижесі туралы жақсы жаңалық пен ЕО экономикасын ынталандырудың жаңа бағдарламасын қабылдауы мұнай нарығына наурыз айының басындағы деңгейге қайта оралуға септігін тигізді.

Еуроодақ елдері төрт күндік келіссөздерден кейін коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіру жоспарын қабылдады. 21 шілдеде Еуроодақ көшбасшылары алдағы бес жылға арналған бюджетті мақұлдап, экономиканы қалпына келтіру қорын құру туралы келісті.

Бір ай құлдыраудан кейін мұнай бағасы наурыз айынан бастап ең жоғарғы деңгейге жетті, енді Brent маркалы мұнай барреліне 46 АҚШ доллары деңгейге шейін өсуі мүмкін, деп болжайды сарапшылар.

Сұхбат

PhotoRoom