Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды
Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылдың қаңтарында тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Соның салдарынан тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты алып кеткен.
Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Ал оған дейін Алматыда ІІО саласында 6 жылдан аса уақыт түрлі лауазымды қызмет атқарған.