Елімізде отыздан астам сайт бұғатталды

Әлеумет
28.02.2023, 21:10

2022 жылдың тамызынан бастап 40 сайт анықталып, басым бөлігі бұғатталды

Елімізде отыздан астам сайт бұғатталды
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға «көмектесетін» қызмет туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті ақпарат таратты.

Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, делінген ресми ақпаратта.

«Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді», - деді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.

2022 жылдың тамызынан бастап осындай 40 сайт анықталды және олардың 33-і бұғатталды. 

Сұхбат

PhotoRoom