Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 15 млн-нан асты

Әлем
22.07.2020, 11:38

Індеттен 618 270 адам көз жұмды

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 15 млн-нан асты
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індеті 15 093 246 адамға жұққан. 9 101 515 адам індеттен сауығып шыққан, көз жұмғандар саны - 618 270 адам. Тағы 5 363 158 науқас аурумен күресіп жатыр.

Жалпы коронавирус індеті әлемнің 213 елін қамтыды. Науқастар саны бойынша көш бастап тұрған ел – АҚШ (4 023 947 жағдай), кейін Бразилия (2 159 654) және Үндістан (1 194 085).

Осыған дейін ДДСҰ басшысы Адан Гебреесус карантин індетті тоқтатуға қауқарсыз екенін айтқан болатын. Ол тек инфекцияның таралуын баяулатады.

Ал, Қазақстанда 75153 адам індетті жұқтырған. 46790 адам сауығып шығып, 585 адам көз жұмды.

Тегтер:
коронавирус

Сұхбат

PhotoRoom