Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притонда шетелдік азаматтар ұсталды

Әлеумет
22.07.2020, 14:39

Олардың үшеуі Моңғолиядан, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан келген

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притонда шетелдік азаматтар ұсталды
фото: polisia.kz

Алматы қаласындаинтимдік қызмет көрсеткен притон анықталды. Мекемеде әкімшілік қызметте Моңғолиядан келген екі әйел адам жұмыс істейді екен. Ал, олардың қарамағында интимдік қызмет көрсететін 10 қыз бары анықталды.

«Олардың жарнамасында боди-массаж деп тұр. Сыртынан қарасаң қарапайым тұрғын үйге ұқсайды, ал, ішінде – жатын бөлмелері, сауна, бассейн және басқа да атрибуттары бар бөлек бөлмелер бар. Күшейтілген карантин күндері мұнда тек сенімді клиенттерін кіргізген. Кеше түнде арнайы іс-шара жүргізіліп, олардың әрекеті әшкереленді. Барлығы 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумасы, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғаны еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Айтпақшы, аталған мекеме қызметкерлері сол жерде орналасқан шағын жатақханада тұрады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Интимдік сипаттағы қызмет көрсетуге үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 450-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы («Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша массаж салонының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Сұхбат

PhotoRoom