Астанадан шығатын жолдың бәрі жабылды

Аймақ
01.03.2023, 09:40

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған

Астанадан шығатын жолдың бәрі жабылды
Фото: Sputnik.kz

Елордадан тысқары барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрі үшін Астана қаласының сыртындағы барлық бағыттар бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген «ҚазАвтоЖол» таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 28 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында автожолдардың 19 учаскесінде қозғалыс шектелді.

Сұхбат

PhotoRoom