Оңтүстік Кореяда енді шетелдіктерді коронавирустан емдеу ақылы болмақ

Әлем
22.07.2020, 15:30

Кореяда бір науқасты емдеуге шамамен 6,3 мың доллар кетеді екен

Оңтүстік Кореяда енді шетелдіктерді коронавирустан емдеу ақылы болмақ
фото: Lee Moo-ryul/Newsis via AP

Оңтүстік Кореяда енді шетелдіктерді коронавирустан тегін емдемейді. Бұл туралы Korea times хабарлайды.

Мұндай шара Кореяға келіп, коронавирустан емделу үшін тегін медициналық көмек алғысы келетін шетелдіктердің саны артуы мүмкін деген оймен қабылданған.

Ел билігі заңға енді шетелдіктер коронавирустан емделу үшін оның жарты құнын төлеу туралы өзгеріс енгізбек.

Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Кореяда жүрген шетелдіктер коронавирустан тегін емделеді. Ел билігінің мәліметінше, бір науқасты емдеуге 7,5 миллион вон (6,3 мың доллар) кетеді екен.

Сұхбат

PhotoRoom