Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға киім-кешек, Өзбекстанға азық-түлік жібереді

Саясат
23.07.2020, 10:23

Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек бермек

Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға киім-кешек, Өзбекстанға азық-түлік жібереді
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің 20 шілдедегі қаулысы «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланған.

«Тізбе бойынша Ауғанстан Ислам Республикасына, Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын», - делінген Үкімет қаулысында.

Гуманитарлық көмек ретінде Ауғанстан еліне: көрпе қаптар, қыстық шатырлар, төсек, матрац, жастық тыстары, жастық, көрпеше, күртеше, шалбар мен бас киім жіберіледі. Ал, Өзбекстанға азық-үлік өнімдерінен көмек: жоғары сорттағы ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы мен сүт өнімдері жіберіледі.

Үкімет қаулысында көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірнеше тапсырма берілген.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін.

ҚР Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын», - делінген құжатта.

Сұхбат

PhotoRoom