Кей өңірде нан бағасы 50%-ға қымбаттады

Экономика
01.03.2023, 11:20

Ақмола (30%) және Маңғыстау (29%) облысында да баға айтарлықтай қымбаттаған

Кей өңірде нан бағасы 50%-ға қымбаттады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда нан бір жылда 19%-ға, ал кей өңірлерде 50%-ға дейін қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.

«Қаңтар айының қорытындысы бойынша нан бағасы бір жылда 19,2%-ға өсті. Оның ішінде қара бидай наны бір кг үшін 26,5%-ға 435 теңгеге дейін, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 27,8%-ға 348 теңгеге дейін, бірінші сұрыпты ұннан 13,9%-ға 196 теңгеге дейін қымбаттады», - делінген зерттеуде.

Нан бағасы қымбаттағанын Ұлытау облысының тұрғындары қатты сезді. Бұл облыста баға 50,8%-ға өскен.

Ақмола (30%) және Маңғыстау (29%) облысында да баға айтарлықтай қымбаттаған.

Ал Атырау облысында нан бағасы 9,9%-ға өсті.

Қаңтарда Қазақстанда 42,5 мың тонна нан өндірілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артық.

Сұхбат

PhotoRoom