Тайланд билігі Төтенше жағдай режимін тамызға дейін ұзартты

Әлем
23.07.2020, 12:27

Гонконгта АҚШ пен Қазақстаннан еліне оралған азаматтар міндетті түрде оқшауланады

Тайланд билігі Төтенше жағдай режимін тамызға дейін ұзартты
фото: bbc.com

Тайланд билігі пандемияға байланысты елде жарияланған төтенше жағдай режимін тамыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы "Азаттық рухы" агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл елде Төтенше жағдай режимі сәуір айында енгізілген. Бұл режим бойынша елдің премьер-министрі халыққа үйінен шығуға, көпшілік шаралар өткізуге және қоғамдық көлікке отыруға тыйым сала алады. Тіпті, баспасөз бетіне халықтың үрейін алып, дүрбелең туғызатын материалдар салуды тыя алады.

Басқа елдермен салыстырғанда Тайландта Covid-19 жұқтырғандар анағұрлым аз. Пандемия басталғалы елде небәрі 3 мыңнан аса адам ғана вирус жұқтырды, бас-аяғы 58 науқас коронавирустан көз жұмды. Мамыр айынан бастап кейбір ерекше жағдайларды есепке алмағанда, тәулігіне КВИ жұқтырған адамдар саны 10-нан аспайды.

Ал, Гонконгта жабық қоғамдық орындарда адамдардың маска тағып жүруі міндеттелді. Егер осы талапты орындамағандарға 5 мың гонконг доллары көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, Гонконгта 28 шілдеге дейін ойын-сауық орталықтары мен спорт залдар жабылды. Мейрамханалар тек шектеулік уақыт ішінде (18:00 сағатқа дейін) қызмет көрсететін болады.

Оған қоса, АҚШ пен Қазақстаннан еліне оралған Гонконг тұрғындары ұшаққа отырмас бұрын коронавирусты анықтайтын тестен өтіп, қалаға жеткен соң оқшауланады.

Тегтер:
коронавирус

Сұхбат

PhotoRoom