Головкин мен Альварес үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті – БАҚ

Әлем
23.07.2020, 16:36

Дереккөз бұл жекпе-жектен «Канело» - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты

Головкин мен Альварес үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті – БАҚ
Фото: ашық дереккөзден

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен сол салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған.

Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы айқастан «Канело» - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты. Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың қыркүйегінде болған алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқаста төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жеткен болатын.

Сұхбат

PhotoRoom