Шымкентте зиялы қауым өкілдері бас қосты

Аймақ
01.03.2023, 14:19

Партия өкілдері жиналған қауымды алдағы сайлауда белсенді болуға шақырды

Шымкентте зиялы қауым өкілдері бас қосты

AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының белсенділері бүгінгі үгіт-насихат жұмысы барысында Шымкенттегі ірі мәдени-ағарту орталықтарының бірі – Әл-Фараби атындағы кітапханада болды.

Кітапхана ұжымы Алғыс айту күні ерекше көңіл-күймен атап өтуде. Мұнда кітап көрмесі әзірленіп, келушілердің тілегін жазатын тақта орнатылған. Партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева да мерекелік тілегін жазып, қалдырды.

Одан кейін зиялы қауым өкілдерімен жиын өтіп, үшінші мегаполистің мәдениеті саласын дамыту тақырыбы талқыланды.

«AMANAT партиясының «Халықпен бірге!" атты сайлауалды бағдарламасында рухани құндылықтар мәселесі, ұлттық мәдениет пен шығармашылық адамдарын қолдау жөніндегі шаралар көрініс тауып, оларға ерекше назар аударылып отыр. Партия жыл сайын 300 мәдениет нысанын салу және жаңғыртуды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде театрлар, кітапханалар, коммуникациялық, білім беру және демалыс орталықтары бар. Оған қоса мәдениет, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге арттырылады», – деді Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығынан үміткер Жанар Әлібекқызы.

Кандидаттар мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы ерекше беделін ескере отырып, AMANAT-тың партиялық тізімдерін жасау барысында зиялы қауым өкілдері мен шығармашылық адамдарын тізімге қосуға ерекше назар аударылғанын да атап өтті.

Партия мүшелері жиналған қауымды 19 наурызда өтетін саяси науқанда белсенді болып, аманат арқалаған партияға дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom