Ашық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады
Мемлекет ауылда қызметкеріне үй салып бергендерге субсидия береді. Бұл туралы «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында» жазылған.
«Субсидиялар салынған тұрғын үйді пайдалануға беру туралы растайтын құжаттар болған кезде бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан бөлінеді. Мемлекет ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығындарының 50%-на дейін өтейтін болады», - делінген тұжырымдамада.
Талап бойынша субсидияланған үйлер 5 жылға еңбек шарты жасалған қызметкерге беріледі.
Тұжырымдаманы ашық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады.