Күдіктілер қамауға алынды
Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты, деп хабарлайы Polisia.kz.
2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында кісі өлтіру дерегі тіркелген. Сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс істеген 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған.
Сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтады.
«Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Үш ер адамды сол көлік қызықтырған. Күдіктілер қарақшалық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасаған. Алайда көлікті иемдене алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады», - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Күдіктілер қамауға алынды.