Штаб өкілдері «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» секілді ауқымды жобаларды таныстырды
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығының ұжымымен бейресми кездесу өткізді.
Жиында штаб төрағасы партия еңбек адамдарының мәртебесі мен табысын арттырып, халықты барлық қажеттіліктермен қамтуға күш салатынын жеткізді.
«2021-2022 жылдары өңірде 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал еттік. Олардың қатарында тоқыма бұйымдарын өндіру цехы, кеңселік жиһаз шығару кәсіпорны, асфальт және тауарлы бетон, газобетон өндіру, мақта талшықтарын қайта өңдеу, керамзитті кірпіш өндіру зауыттары, бөтелкедегі ауыз-су өндіру цехы бар», - деді Алтынсары Үмбетәлиев өз сөзінде.
Айтуынша, алдағы 5 жылда өңірдегі тұрақты жұмыс орындарын көбейтіп, экономиканы көтеру мақсатында 3600 жаңа жұмыс орнын құратын инвестициялық жобаларды іске асыруға күш салмақ.
«Оның ішінде кеңсе жиһаздарын өндіру, газобетон өндіру, алюминийден жасалған профильдер өндіру цехы мен темірбетон бұйымдарын өндіру, тауарлық бетон конструкцияларын өндіру, каустикалық сода, ПВХ, карбид кальций, цемент өндіретін химиялық зауыт, мұнай өңдеу зауыты, фосфорит өңдеу зауыты секілді ірі жобалар бар», - деді Алтынсары Үмбетәлиев.
Одан бөлек, жиынға қатысқан штаб өкілдері партия қолға алған «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» секілді ауқымды жобалармен таныстырды.
Кездесу соңында кандидаттар мен сенімді өкілдер еңбек ұжымын сайлауға белсене атсалысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.