Алматыда 4 жаңа су көзі салынады

Аймақ
02.03.2023, 09:47

Жобаға 3 млрд 568 млн теңге бөлінді

Алматыда 4 жаңа су көзі салынады

Алматыда 4 жаңа су көзі салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Медеу ауданында Каменское үстірті, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 4 жаңа су көзін салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар «Балқаш» резервуарлары мен сорғы станциясын толық реконструкциялау жоспарға енген.

Жобаға 3 млрд 568 млн теңге бөлінді, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

«Бұл жұмыс аяқталғанға дейін қалалық қызмет пен аудан әкімдігі осы шағын аудан тұрғындарын қосымша ауыз сумен қамтамасыз етеді», - деді Ерболат Досаев.

Сұхбат

PhotoRoom